loader


Еуропада кокаин сатумен айналысып келген ірі картель ұсталды

Еуропа полициясы кәрі құрлықта кокаин сатумен айналысып келген ірі картельді ұстады.

Қылмыстық топ аймақтағы осы есірткі түрінің үштен бірін тасымалдап келген. Іске қатысты Франция, Испания, Бельгия және Нидерландта 49 адам қамауға алынды. Ал Дубайда картельдің 6 басшысы ұсталды. Тергеу 2 жылдан аса уақыт жүргізіліп, оған Еуопамен бірге АҚШ және Біріккен Араб Әмірліктерінің тәртіп сақшылары қатысты. Оперция барысында 30 тонна кокаин тәркіленді. Заңсыз есірткі Латын Америкасынан жеткізіліп отырған.

 

Сондай-ақ...