Құс тұмауы Оңтүстік Америкаға да жетті

Құс тұмауы Оңтүстік Америкаға да жетті. Соңғы 2 аптаның ішінде Перуде аталған індеттен 14 мың құс қырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Оның көбі - бірқазан. Билік аймаққа ауруды суық жақтан ұшып келген шағалалар әкелді деп есептейді. Мамандар індеттен бұрын-соңды осыншама көп құстың қырылмағанын айтады. Көршілес Эквадор билігі де тауық фермасынан құс тұмауы шықты деп дабыл қағып жатыр.

Эдуардо Донайре, құс маманы:

- Құстың осынша көлемде қырылғанын өмірімде бірінші рет көріп тұрмыз. Бұрын ары кетсе 2-3 құс қана өлетін. Мұның себебі көп деп ойлаймын. Теңіздің суы да ластануы мүмкін.