АҚШ-та тамақ тасушы робот қызметі кеңінен таралып келеді

АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарында тамақ тасушы робот қызметі кеңінен таралып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Чикагодағы Иллинойс университетінің кампусында осындай құлтемірді жиі көруге болады. Алты дөңгелекті шағын аппарат толық автоматтандырылған. Оған тапсырысты телефондағы арнайы қосымша арқылы беруге болады. Құлтемір мейрамхана қызметкері тағамды салған соң тапсырушының тура есігінің алдына дейін жеткізеді. Қазір АҚШ-тың 30-ға жуық колледжінде осындай қызмет көрсетіледі.   

Чип Комери, Starship Technologies компаниясының басшысы:

- Біздің құлтемірдің қызметіне жүгінетіндер көбейіп келеді. Қазір күн сайын шамамен 10 тапсырыс жасалады. Бұл кампустағы ауаның таза болуына да көп көмегін тигізеді.