Еуроаймақта жұмыссыздар саны азайды

Еуроаймақта жұмыссыздар саны азайды

Қазанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 6,5 процентке дейін төмендеген.

Бұл рекордтық көрсеткіш. Себебі еңбек нарығы біртіндеп қалпына келіп жатыр, дейді мамандар. Айта кеткен жөн, Еуроаймаққа Еуроодақ құрамындағы 27 елдің 19-ы кіреді. Чехия, Германия мен Мальта жұмыссыздық көрсеткіші жағынан төмен елдердің қатарында болса,  Грекия мен Испанияда керісінше екі қолға бір күрек таппай жүргендер көп.