Адамның миына чип орнатылады – Маск

Неуролинк (Neuralink) жаңа жылда адам миына чип орнату бағдарламасын сынақтан өткізе бастайды.

Бұл туралы компания басшысы Илон Маск мәлімдеді. Осылайша чиптің көмегімен мүмкіндігі шектеулі азаматтар компьютер немесе смартфонды оймен басқара алады. Құрылғыны клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат алу үшін Неуролинк қажетті құжаттардың басым бөлігін АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасына өткізіп қойған. Осыдан үш жыл бұрын бұл компания чипті маймылдарға және доңыздарға орнатып көрген.