Бразилияда су тасқынынан екі адам қаза тапты

Бразилияның оңтүстігінде толассыз жаңбыр соңы тасқынға ұласып, көп елді мекенді су басып жатыр.

Табиғат апатынан 2 адам опат болып, бір тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. 900-ге жуық тұрғын эвакуацияланды. Санта-Катарина штатының 17 қаласында төтенше жағдай жарияланды. Нөсер жаңбырдан шаһар көшелерін лезде су басқан. Кей жерлерде тасыған су үй төбелеріне дейін жеткен. Парана штатындағы ірі тас жолдың бірінде лай көшкіні жүріп, 30-дай көлікті шайып кетті. Ондаған адам жапа шеккен. Апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Карлос Мойзес, Санта-Катарина штатының губернаторы:

- Бұл айда болжағаннан көп жауын-шашын болды. Алдағы күндері жаңбыр саябырлайды деп отырмыз. Алайда су тасқыны мен лай көшкіні қаупі жоғары.