Болгарияда қағаз бюллетеньмен сайлау өткізуге қарсылар шеруге шықты

Болгария астанасы Софияда жүздеген адам шеруге шықты.

Олар жаңадан қабылданатын Сайлау кодексіне қарсы бас көтерген. Билік басындағы премьер-министр Бойко Борисовтың партиясы, Социалистік партия мен этникалық түрік азаматтарының партиясы өткен аптада Парламент отырысында қағаз бюллетеньдермен дауыс беруге қайта рұқсат беретін құжатты мақұлдаған болатын. Шеруді "Өзгерістерді жалғастырамыз" партиясы мен Демократиялық коалиция ұйымдастырған. Олар "аталмыш қадам сыбайластыққа жол ашады" деп есептейді. Полиция парламент ғимаратын қоршауға алды, бірақ ереуіл бейбіт өтті. Бұл елде соңғы 2 жылда 4 рет парламент сайлауы өткен. Саяси алауыздыққа байланысты әлі күнге дейін толыққанды Үкімет жасақталмай отыр.

Димитар Велев, ереуілге қатысушы:

- Болгарияда демократияға қауіп төніп тұр. Олигархия үстем күшке айналмақшы. Біз бұған жол бермеуіміз керек. Дауысты автоматты түрде тіркеп, есептейтін құрылғыны қалдырған дұрыс.