Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық байланыс: Джексон-Вэник түзетулерін кім түзейді?

Джексон-Вэник түзетулері Қазақстан мен АҚШ арасындағы нарықтық сауда-экономикалық байланыстың толыққанды дамуына кедергі келтіреді.

Сондықтан Конгрестегі депутаттар арқылы бұл мәселені шешуге тырысамыз дейді Қазақ-Американ қауымдастығының президенті Дархан Нұрмағамбетов. 48 жыл бұрын Кеңес үкіметіне салынған шектеулер әлі күнге дейін алынбаған. Тілшіміз Нұрбек Бекен тарқатсын.

1974 жылы конгрессмен Генри Джексон мен Чарльз Вэник Кеңес Үкіметімен сауда-саттықты шектейтін Заңға түзетулер енгізуді ұсынады. Демек, сауда үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалмайды, мемлекеттік несие мен несие кепілдіктеріне тыйым салынады. АҚШ-тан импорталатын тауарларға тиімсіз тарифтер мен алымдар қосылады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері осы Джексон-Вэник түзетулерін алып тастау жөнінде бірнеше мәрте ұсыныс жасады. Бірақ әлі де нәтижесіз.

Қазақ-Американ қауымдастығының президенті Дархан Нұрмағамбетов 48 жыл бұрын қабылданған Джексон-Вэник түзетуі алынса қазақстандық кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай туындайды деп есептейді. Біздің бизнесмендер құнарлы өнімдерді мұхиттың ар жағындағы алпауыт мемлекетке текелей саудалауға мүмкіндік алады.

Дархан Нұрмағамбет, Қазақ-американ қауымдастығының президенті:

- Кезінде өзіміз диаспора жиналып бастағанбыз, өзіміздің конгресмендер бар. Сенаторға хат жазғанбыз. Онда біз ары кеткенде 3-4 мың қазақ қана болдық, естілмей қалды. Қазір қарап отырсақ 10 мыңдай қазақ бар, американың ситизендері. Соларға айтып отырмыз осылай хат жазайық, сол поправкамен жұмыс істейік бәріміз. Сенаторға хабар беріңдер, одан кейін он мың әрі қарай жиырма мың бола ма, ол дауыс.

Бір қызығы АҚШ Джексон-Вэник түзетулерін Кеңес Одағының мұрагері Ресейден 2012 жылы алып тастаған. Қырғызстан да 2000 жылдан бері емін-еркін сауда жасайды. Бұл мәселені біздің мәжіліс депутаттары да бірнеше рет көтерген. 2016 жылы СІМ орынбасары болған, қазіргі елші Ержан Ашықбаев бұл сұрақпен айналысып жатырмыз деп жауап берген. Бірақ одан бері бірнеше жыл өтті. Сондықтан сарапшы Сергей Грецкий Қазақстан тарапы нақты талап қоятын кез келді дейді.

Cергей Грецкий, Джорджтаун университеті Сыртқы саясат академиясының директоры:

- Менің ойымша, Қазақстан үшін Америка Құрама Штаттарының әкімшілігіне нақты талап қоятын қолайлы сәт келді. Екі ел арасындағы нарықтық сауда, инвестицияны толық дамытуға мүмкіндік бермей тұрған Джексон-Вэник түзетуінің күшін жою үшін АҚШ Конгресімен жұмыс істеуге ықпал ете білу керек. Биыл ақпан айынан кейін Қазақстан үшін үлкен мүмкіндіктер ашылды, соны пайдалану керек шығар.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында 2001 жылы Джордж Бушпен кездесуінде осы мәселені талқылағанын еске алады. «АҚШ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне көмектесуге және баяғы қырғи-қабақ соғыс кезінде қабылданған Джексон-Вэник өзгертулерінде қарастырылған саудадағы шектеулерді алып тастауға міндеттеме алды»,- деп жазады Назарбаев. Алайда отыз жылдан бері еліміздің ұлттық экономикалық мүддесіне сәйкес келмейтін түзетулер