Перуде шерушілер сот ғимаратын өртеді

Перуде шерушілер сот ғимаратын өртеді

Перуде жүздеген адам ереуілге шықты.

Екі күннен бері Уанте қаласындағы қарсылық шарасы тыйылмай тұр. Халық сот орындаушыларының дәрменсіз қызметіне наразы.

Атап айтқанда, із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы Даниэль Киспидің өлімі тұрғындардың ызасын тудырды. Өйткені күні кеше сот орындаушылары басты күдіктіні босатып жіберген. Ереуілшілер жергілікті прокуратура кеңсесін өртеп, барлық құжаттарды жағып жіберді. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.