Нью-делиде ауаның ластануы күрделі мәселеге айналды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үндістандағы ауаның ластануына қатты алаңдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен Нью-Делиде қауіп көрсеткіші ең жоғары деңгейге жеткен. Жағдай күрделенген сайын, тыныс жолы ауруларына шалдығатын тұрғындардың қатары жылдан жылға көбейіп барады. Әсіресе қыс уақытында ауа көп ластанады. Көшеде жүріп-тұру былай тұрсын, үй ішінде демалудың  өзі қиындап кеткен. Жергілікті билік ахуалды ретке келтіру үшін біраз бастаманы қолға алды. Мысалы қоғамдық көліктер экологияға зияны тимейтін таза отынды қолдана бастады. Бірақ мұның еш көмегі болмайды. Ауқымды әрі шұғыл шешімдер қабылдап, жағдайды қалыпқа келтірудің қамына кірісу керек деп санайды сарапшылар. Ауаның ластануы тек Нью-Делиде ғана емес, Үндістанның барлық солтүстік өңіріне ортақ өзекті мәселеге айналған.

Сондай-ақ...