АҚШ-тың 44 штатында тұмау тез тарап жатыр

АҚШ-тың 44 штатында тұмау тез тарап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер биыл сырқаттану бұрынғы жылдарға қарағанда ерте басталғанын ескертіп отыр. Тұрғындар екпе алып, алдын ала сақтанбаса жағдай ушығып кетуі мүмкін. Әдетте тұмау желтоқсан-қаңтар айларында жиілесе, биыл ерте басталады әрі өзге де вирустардың таралуынан жағдай күрделеніп барады. Өйткені Алғыс айту мерекесінде америкалықтар бір-біріне жиі қонаққа барды және әуежайларда халық көп жүрді. Аурудың алдын алу мен бақылау орталығының мәліметі бойынша тұмау маусымы басталғалы 78 мың адам ауруханаға жатқызылған. 4,5 мың адам қайтыс болды, оның 14 бала. Сондықтан ел тұрғындарына тұмауға қарсы вакцина алу ұсынылған. АҚШ-та 6 айдан асқан балаларға да екпе салуға болады.

Джон Кристенсон, Индиана университеті медициналық мектебінің профессоры:

- Тұмаудан, тағы да басқа вирустардан сақтанудың жолы - тазалық сақтау. Қолды жиі жуып, маска киіп жүру керек. Вакцина алу өте тиімді. Әсіресе балаларға, ересектерге де екпе жақсы көмектеседі. Отбасы мүшесін қорғау үшін барлығы да алса, пайдалы болады.

Сондай-ақ...