Иранда әдет-ғұрып полициясы таратылды

Иранда шерулерге байланысты әдет-ғұрып полициясы таратылды.

Бұл туралы осы елдің Бас прокуроры мәлімдеді. Билік сондай-ақ хиджаб киіп жүруге қатысты заңды да қайта қарауға ниетті. Себебі елде қыркүйек айында басталған наразылық шаралары жалғасып жатыр. Толқуларға Махса Амини есімді студент қыздың өлімі себеп болды. Бойжеткен дәл осы әдет-ғұрып полициясы хиджабты дұрыс кимедің деп ұстап, учаскеге апарғанда көз жұмады. Содан шерулер басталып, полициямен қақтығыстар жиіледі. 300-ден аса адам қаза тауып, 14 мыңнан аса кісі қамауға алынған.