Ирак шекарадағы қауіпсіздікті күшейтті

Ирак Түркиямен шекарадағы қауіпсіздікті күшейтті.

Қазір мұнда қосымша әскерилер  орналастырған. Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінде Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы мәлімдеді. Ол шекараны қорғауды күшейтуге, әскерді қару-жарақпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жеке құрамды жіберуге бұйрық берді. Ирак мұндай қадамға елге Түркия мен Ираннан бірқатар соққылар жасалғаннан кейін барып отыр. Дегенмен, Ирак билігі барлық көршімен жақсы қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін айтады.