loader


Сенегалда депутаттар төбелесіп қалды

Сенегал парламентінде төбелес болды.

Оппозиция атынан сайланған халық қалаулысы билеуші партияның депутатына қол жұмсады. Қарсыласы қарымта ретінде оған орындық лақтырған. Дау 2023 жылғы бюджетті талқылау барысында туындаған. Министрлер мен феминист топтардың өкілдері араша түсіп, саясаткерлердің әрекетін айыптады. Негізі сарапшылар билік және оппозиция депутаттарының арасы шілде айындағы парламент сайлауынан кейін қатты ушыққанын айтады. Сол кездегі саяси додада оппозиция көп мандатқа ие болған еді. Ал 2024 жылы елде президент сайлауы өтуге тиіс.

Сондай-ақ...