Ресейде жарылыстан алты адам қаза тапты

Ресейдің Сібір аймағындағы Нижневартовск қаласында газ баллоны жарылып, 6 адам ажал құшты.

Қайғылы оқиға 5 қабатты тұрғын үйде болған. Тағы 7 кісі жарақат алды. Дәрігерлер біреуінің халін ауыр деп бағалады. Жарылыс орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша тұрмыстық газ баллоны пәтердегі жөндеу жұмысы кезінде пайдаланылған. 52 тұрғын қауіпсіз жаққа көшірілді.

Сондай-ақ...