loader

Еуроодақ инвесторлардың кетуіне жол бермейді

Еуроодақ инвесторлардың кетуіне жол бермейді

Еуропалық Одақ инвесторлардың кетуіне жол бермейді.

Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Таяуда АҚШ инфляциямен күресу үшін, жаңа субсидиялар бағдарламасын қабылдаған.  Еуропа елдерінен ірі кәсіпорындар Америкаға бет алған. Америкалық құжатқа сәйкес, электромобильдер, аккумуляторлар және энергетикалық жабдықтар өндірушілеріне миллиардтаған доллар болатын субсидиялар беріледі. Урсула фон дер Ляйеннің мәлімдемесіне сәйкес, әсіресе "жасыл" энергетика саласында инвесторлардың кетуіне жол берілмеуі керек, Еуропалық Одақ елдерінде бизнеске қолайды жағдай жасалуға тиіс. Жобаларға бюджеттік қаржылай қолдау керек. Әйтпесе Еуропа нарығында бірқатар қиындық туындайды. Еурокомиссия басшысы, бұл сауда соғысы АҚШ-қа да, Қарт құрлық елдерінен де пайда әкелмейді деп кесіп айтты.

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия төрағасы:

- Бәсекелестік болған жақсы. Ол инновацияны ынталандырады. Тиімділікті арттырып, прогресс болады. Біз де АҚШ сияқты инфляциямен күресу мақсатында бірқатар шұғыл шараларды қолға алуымыз қажет. Былайша айтқанда, жеңілдіктер жасап, Құрама Штаттарымен байланысымызды үзбеуіміз керек.

Сондай-ақ...