Дағыстан жағалауында итбалық қырылды

Дағыстанда Каспий теңізінің жағасынан екі жарым мыңға жуық итбалықтың өлексесі табылды. 

Бұл туралы жергілікті Табиғи ресурстар және экология министрлігіндегілер хабарлады.

Бұған дейін 700 итбалық қырылған болатын. Жексенбі күні олардың саны күрт өскен. Тұрғындар мұндай жағдай кейінгі 10 жылда болмаған деп дабыл қағып отыр. Итбалықтардың жаппай қырылуына дауыл мен зиянды қалдықтардың суға тарауы себеп дейді сарапшылар. Мамандар істің мән-жайын анықтау үшін зерттеу жүргізіп жатыр.