loader


Кореяда жүк көлік жүргізушілерінің ереуілі жалғасып жатыр

Оңтүстік Кореяда жүк көлігі жүргізушілерінің ереуілі әлі жалғасып жатыр.

Наразылық 26 қарашада басталған болатын. Ашынған жүргізушілердің саны бүгінде 25 мыңнан асты. Олар үкіметтен жалақы көлемін арттыруды талап етіп отыр. Бұл елде қарашада инфляция деңгейі 5 пайызға өскен. Мәселен дизель 2 есе қымбаттады. Президент Юн Сок Ёль ереуілшілердің талабын негізсіз деп атады.

Ким Иаң-Чан, көлік жүргізушісі:

- Жүк көлігін жүргізіп келе жатқаныма 44 жылдан асты. Шенеуніктер біз туралы "жоғары жалақы алады, ақсүйектен кем емес" депті. Қайдағы?! Айлығымыз шайлығымызға жетпейді. Қазір барлық нәрсе удай қымбат. Біз жау емеспіз, біз еліміздің игілігі үшін шама-шарқымызша еңбек етіп жатырмыз.

Сондай-ақ...