loader


Солтүстік Каролина штатында 2 күннен бері жарық жоқ

АҚШ-тың орталығындағы Солтүстік Каролина штатында 2 күннен бері жарық жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Электр қуатын беретін 2 бекетті бұзақылар атқылап, істен шығарған. Билік бұл әрекетті «қасақана жасалған шабуыл» деп бағалады. Қаскөйлердің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз дейді аймақтағы полиция басшысы. Бүгіннен бастап мектептер жабылды. Сондай-ақ шабуыл жасалған округ аумағында кешкі сағат 09:00-дан таңғы 05:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Өңір тұрғындарының 64% қазір жарықсыз отыр.

Ронни Филдс, Солтүстік Каролина штатының шерифі:

- Бұл өте алаңдатарлық жағдай. Азаматтарымыз бен бизнес нысандарын лайықты деңгейде қорғау үшін түнгі уақытқа комменданттық сағат енгіздік. Әзірге ешқандай мотивті көріп тұрған жоқпыз және лаңкестік іспен байланысы бар деп те айта алмаймыз. Осы бағытта мамандар іске кірісті.

Сондай-ақ...