Мексикада жеңіл моторлы ұшақ апатынан 2 адам қаза тапты

Мексика шығанағында жеңіл моторлы ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқарушылар оны іздеп жатыр. Апат Флорида жағалауына жақын маңда болды. Әуе кемесінің қалдықтары ұшу-қону жолағынан 500 метр жерде табылды. Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.