Ауғанстанда жарылыстан 7 адам қаза тапты

Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясында автобус жарылып, 7 адам қаза тапты.

Тағы 6 кісі жараланды. Оқиға Мазари-Шариф қаласында болды. Көлік сауда орынының жанына тоқтағанда жасырын қойылған бомба жарылған. Ақпаратқа қарағанда автобус жергілікті мұнай компаниясының қызметкерлерін алып бара жатқан. Лаңкестікті кімдер ұйымдастырғаны белгісіз.