Таиландта бомба жарылысынан үш адам қаза тапты

Таиландтың оңтүстігінде бомба жарылып, 3 адам көз жұмды. Тағы 4 азамат жарақат алды.

Полицияның хабарлауынша, жарылыс теміржол жанында болған. Мұнда жұмысшылар алдыңғы апаттан зақымданған шойын жолдарды жөндеп жатқан. Қазір оқиға орны қоршауда. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.