Бейжіңде ковид-шектеулер жеңілдеді

Бейжіңде ковидке қарсы шектеулер жеңілдетілді.

Жаңа тәртіпке сай қалада супермаркет, коммерциялық ғимарат және кей қоғамдық орындарға кірген кезде ПТР-тест тапсыру талабы алынып тасталды. Бұл үшін арнайы қосымшадағы кью-ар кодты сканерлесе жеткілікті. Тұрғын үй кешендеріне кіру үшін де ПТР-тест тапсыру тәртібі жойылды. Үкімет ертеңнен бастап шектеулерді жеңілдетуге бағытталған жаңа шаралар жариялауы мүмкін.

Айта кетейік, өткен айда Қытайда індетке қарсы тыйым шараларына наразылық күшейіп, соңы қақтығысқа ұласты.