Грекия астанасында аласапыран болып жатыр

Афинаның орталығында мыңдаған адам полицияның озбырлығына қарсы шеруге шықты. Осылайша олар 2008 жылы тәртіп сақшыларының соққысынан жасөспірімнің қаза тапқан оқиғасын еске алды. Билік ереуілшілер саны 11 мыңнан асқанын айтады. Белсенділер шектен шығып, полиция жасағына отты шөлмектер лақтырып, қоқыс жәшіктерін өртеген. Тәртіп сақшылары 35 бұзақыны қамауға алып, наразы топқа қарсы газ қолданып, су шашты. Әзірге жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.