Қырғызстандағы трансшекаралық өзендер мәселесі

Қырғызстанда жауын-шашынның мол болуынан жер суғаруға қажетті ылғалдан таршылық болған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осының арқасында елімізге су жеткілікті көлемде келді. Бұл туралы Қырғызстан Ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары қызметінің директоры Алмазбек Сокеев мәлімдеді. Ал келесі жылы жауын-шашын биылғыдан мол болады деп болжанып отыр.

Қырғызстанда былтыр су тапшы болды. Ондағы қуаңшылық біздің елге де зардабын тигізді. Су жетпегендіктен Шу облысындағы көп шаруа  қожалығы тығырыққа тірелді. Сондықтан биыл шаруалар ахуал қайталана ма деп қатты алаңдады. Бірақ жауын-шашын мол түсіп, диқандар судан таршылық көрген жоқ. 

Алмазбек Сокеев, Қырғызстан Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары қызметінің директоры:

- Егер 2021-ші жылы бізде 150-160 миллиметрдей жаңбыр жауса биыл оның мөлшері 250-300 миллиметрге жетті. Бұл жауын-шашынның өткен жылға қарағанда биыл екі есе көп болғанын білдіреді. Келер жылы жаңбыр биылғы жылдан да көп жауады деп болжап отырмыз.

Күні бүгінге дейін Қырғызстандағы суару қондырғылары мен су арналары жергілікті биліктің және жеке шаруа қожалықтарының басқаруында болған. Ал енді аталған инфрақұрылымның бәрі су ресурстары қызметінің бақылауына өтті. Мұндағы мақсат -  егістік алқаптарын суару және сумен жабдықтау мәселесін кешенді түрде шешу. Нәтиже жоқ емес. Мемлекетаралық маңызы бар мәселелер шешімін тапты.

Алмазбек Сокеев, Қырғызстан Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары қызметінің директоры:

- Қазір барлық тараппен тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мәселен, Қазақстан жыл сайын бізге 79 млн теңге бөліп тұратын. Биыл бұл сома 119 миллионға ұлғайды. Мұны тағы да арттырмақпыз. Себебі Қырғыз тарапы қаржыландыруды Қазақстан секілді ұлғайтып келеді.

Су ресурстарын бірлесіп пайдалануға арналған инженерлік нысандарды күтіп ұстау жобасын қырғыз шенеуніктері енді Өзбекстан билігіне де ұсынбақ. Сөйтіп Қасансай су қоймасындағы инженерлік нысандарды қайта жаңғырту көзделіп отыр. Бұған қазына қаражатынан бөлек, шетелден инвестиция тарту жоспарда бар. Тиісті құжат алдағы уақытта Дүниежүзілік банкке тапсырылмақ.

Сондай-ақ...