loader


Куба билігі қыздар боксына рұқсат берді

Куба билігі қыздарға бокс жарыстарына қатысуға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Нәзік жандыларға шаршы алаңда жұдырықтасуға 63 жыл бұрын Фидель Кастро жасаған төңкерістен кейін тыйым салынған еді. «Бостандық аралындағы» ерлер әлемде үздіктер қатарында екені белгілі. Олар 1972 жылғы Мюнхен олимпиадасынан бастап 41 алтын медаль ұтып алған. Елде рұқсат берілгеннен кейін бокс жаттығуларына жазылып жатқан қыздар көп.

Ариел Сайнз, Кубаның спорт институтының вице-президенті:

- Елде қыз-келіншектерге бокс жарыстарына қатысуға рұқсат берілгенін ресми түрде хабарлаймыз. Бұл шешімді қабылдау үшін ұзақ уақыт бойы үлкен жұмыс атқарылды. Техникалық және медициналық бағыттар бойынша анализ жасалып, зерттеу жүргізіліп, аталған спорт түріне баға берілді.

Исел Белло, боксшы:

- Бұл мен үшін өте жақсы жаңалық. Осы сәтті асыға күтіп жүрген едім. Енді барымды салып, тыңғылықты жаттығып, жеңіс тұғырына көтеріліп, алтыннан медаль таққым келеді.

Халықаралық Олимпиада комитеті 2009 жылы қыз-келіншектерге жазғы Ойындардағы бокс жарыстарына қатысуға шешім қабылдаған болатын. Содан бері олар Лондон, Рио-де-Жанейро және Токио додаларында бақ сынасты.

Сондай-ақ...