Ұлыбританияда көне заманғы зергерлік бұйым табылды

Ұлыбританияда көне замандағы алтын әшекей бұйым табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, асыл тастармен безендірілген алқа сонау жетінші ғасырда жасалынған екен. Баға жетпес олжа Харпола қаласының маңындағы молада жүргізілген қазба жұмыстары кезінде анықталды. Болжам бойынша онда лауазымы жоғары болған әйел жерленген. Алқа салпыншақтары мен моншақтары бар 30 элементтен құралған. Ал ортасында төртбұрышты тұмары бар. Енді асыл бұйым жөндеу жұмыстарынан өтіп, кейін жергілікті археологиялық орталыққа беріледі.