Индонезияның Бандунг қаласында жарылыс болды

Индонезияның Бандунг қаласында жарылыс болды. Жанкешті полиция бекетіне мотоциклмен барып, өзін жарып жіберген. Лаңкестік әрекеттің артында кімдердің тұрғаны әзірге белгісіз дейді билік. Жарылыстан 3 полицей жарақат алған.

Айта кетейік, шабуыл жасалған Ява аралында бүлікші топтар әрекет етеді. Олар осыдан 20 жыл бұрын 202 адамды қастандықпен өлтірген болатын. Әсіресе содырлар шетелдік туристер мен күштік құрылымдарға жиі шабуыл жасайды.

Ахмад Рамазан, Ұлттық полицияның ресми өкілі:

- Жарылыс жергілікті уақыт бойынша бүгін таңертең 8-ден 20 минут кеткенде жасалды. Тергеу ісіне терроризмен күрес бөлімінің мамандары да тартылды. Оқиға орны қоршауға алынды, енді куәгерлерден ақпарат жиналады. Жағдай толық бақылауымызда. Алаң болмаңыздар.