Испания үкіметі жарықтың тарифын шектейтін болды

Испаниядағы электр қуатының бағасын бұдан былай үкімет шектейтін болды.

Өйткені наурыз айынан бері тарифтің бағасы ырыққа көнбей, шарықтап кеткен. Қазіргі уақытта қуаттың орташа құны мегаватт-сағатына 124 евроны құрайды. Қуат бағасын үкімет қалай шектейтін болады және Испания билігінің қысқа дайындығын Барселонадағы тілшімізден білейік. 

Испаниядағы қуат бағасының тарифі құбылып тұр. Наурыз айында жарықтың құны мегаватт сағатына 442 евродан асып түсті. Ресейден жеткізілетін газдың көлемі де азайды.  Сонымен қатар Испанияның «көгілдір отынның» ірі экспорттаушысы болып табылатын Алжирмен ары қатынасы алшақтап, екі ел арасындағы Магриб-Еуропа газ құбырының жабылғаны да бағаға әсер етті.  

Педро Санчес, Испанияның үкімет басшысы:

- 20 қазанда Испания, Португалия және Франция елдерінің басшылығы теңіз түбінен газ құбырын тартуға келісті. Жобаға қатысты толық ақпарат беріледі. Испаниядан Францияның оңтүстігіне дейін газ құбырын тарту жобасы үш елдің арасында он жылдан бері талқыланып келеді. Еуроодаққа мүше мемлекеттер осындай батыл қадамдарды қабылдау қажет. 

Желтоқсан айының бастап Испаниядағы электр қуатының бағасын үкімет реттейтін болды. Өйткені наурыз айынан бері тарифтің бағасы ырыққа көнбей, шарықтап кеткен. Бір жыл ішінде табиғи газ бағасы он есе өскен. Енді

Хосе Антонио Визнер, мұнай және газ нарығының сарапшысы:

- Мына кестеден ақ газ нарығындағы жағдайдың ахуалын байқауға болады. Тамызда газдың құны 350 долларға жуықтады, газдың қорын қымбат бағамен толтырған компаниялар қыста бағаны төмендетпейді. Үкіметке бағаны қыс бойы көтермей ұстап тұру қиынға соғуы мүмкін.  

Қысты айтпағанда, елдегі жерасты қоймаларындағы табиғи газ қоры алдағы 43 күнге жетуі тиіс, деп мәлімдеді елдің қоршаған орта және энергетика министрі Тереза Рибера. Қазір Испаниядағы жерасты қоймаларындағы газдың көлемі 60 пайыздан асып тұр.

Аида Қыдырбай

Сондай-ақ...