Ирактың оңтүстігіндегі Нассирия қаласында қарулы күштер 2 ереуілшіні атып өлтірді.
Тағы 17 адам жарақат алған. 300-ге жуық шеруші үкіметті сынап, әлеуметтік желіде пост жазғаны үшін 3 жылға сотталған 20 жастағы азаматтық белсендіні босатуды талап еткен. Бірақ полиция наразы топқа оқ атып, күшпен таратуға кірісті. Ереуілшілер өз кезегінде тәртіп сақшыларына тас лақтырып, 11 полицейді жарақаттаған.
