Еуроодақ Ресейге қарсы кезекті санкция пакетін ұсынды

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкциялар пакетін кеңейтті.

Құжатқа сәйкес, ресейлік бірқатар шенеунік пен әскерилердің шоттары бұғатталып, Еуропаға саяхаттау қиындай түседі. Шектеу шараларына ілінген тізімде 200-дей адам бар. Сондай-ақ әскери мақсатта пайдаланылатын дрондар мен олардың компоненттерін, химиялық және электронды заттарды тасымалдау шектеледі. Жаңа құжат Еуропалық Одаққа мүше 27 мемлекетпен мақұлданғаннан кейін күшіне енеді.  

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия басшысы:

- Біз тағы үш ресейлік банкке қарсы шектеулерді енгізуді ұсынып отырмыз. Сондай-ақ ресейлік төрт телеарнаның эфирін көрсетпеу жоспарда бар. Ресейдің энергетика және тау-кен секторына қарсы шараларды қабылдап, инвестиция құюға тыйым салынады.