Германияда үкіметті басып алмақ болғандар анықталды

Германияда үкіметті басып алмақ болған күдіктілердің бірінің есімі белгілі болды. Ол - ханзада он үшінші Генрих. Бұл туралы жергілікті прокуратура хабарлады. Он үшінші Генрих «Рейх азаматтары» деп аталатын топтың көшбасшыларының бірі болған. Бұл ұйым мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырып, билікті күшпен басып алуға дайындалған. Федералды прокуратура лаңкестік топқа қарсы ауқымды операция жүргізіп, 25 адамды қамауға алды.