Қырғызстанға доңыз тұмауы жетті

Қырғызстанда доңыз тұмауын жұқтырғандар көбейіп барады. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша Б тобындағы вирус та өршіп тұр. Қазан айынан бері 700-ден астам науқас емханаға келген. Олардың ішінде, 34-і доңыз тұмауы, ал 56 адамда Б тобындағы тұмау анықталып отыр. Мамандар А тобындағы, яғни, халық арасында «доңыз тұмауы» деп аталған вирустың қаупі жоғары екенін ескертеді. Мұның белгілері маусымдық тұмауға ұқсас. Бірақ,  клиникалық көрінісі симптомсыз басталып, ауыр пневмонияға дейін ұласуы мүмкін.

Сондай-ақ...