АҚШ пен Ресей қылмыскер алмасты

Ресейде 9 жылға бас бостандығынан айырылған американдық баскетболшы қыз Бриттни Грайнер мен Ресей азаматы Виктор Бутты алмасуға қатысты бейнежазба жарияланды.

Шара Абу-Даби әуежайында өтті. Еске сала кетейік, 32 жастағы баскетболшы қыз Екатеринбург командасында ойнаған. Бірақ биыл ақпан айында Мәскеу әуежайында оның сөмкесінен вейпке арналған наша майы табылып қамауға алынады. Кейін есірткі тасымалдады деген айыппен 9 жылға сотталады. Ал ресейлік кәсіпкер Виктор Бут 2012 жылы Колумбия үкіметіне қарсы топтарға қару сатпақ болды деген айыппен тұтқындалып, 25 жылға сотталған болатын.