Индонезияда жарылыстан 9 адам қаза тапты

Индонезияның Батыс Суматра провинциясындағы көмір шахтасында жарылыс болып, 9 адам жан тапсырды.

Тағы 2 кенші жарақат алып, біреуі ұшты-күйлі жоғалып кетті. Апат кеншілер шахтаға түсіп бара жатқан кезде болған. Жарылыстың себебі белгісіз. Қазір апат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.