Гэллап институы: 10 жылда әйелдер қатты өзгерді

Кейінгі кезде әйелдер қатты өзгерді. Осы бағытта америкалық «Гэллап» институы арнайы зерттеу жүргізген.

Сауалнамаға 150-ден астам елдің қыз-келіншектері жауап беріпті. Сөйтіп, олар 2012 жылдан бері ерлерге қарағанда ашушаң, күйгелек және көңілсіз жүретінін мойындаған. Әсіресе Камбоджа, Үндістан, Пәкістан мен Марокконың әйелдеріне қиындау соққан. «Күйзеліс пандемия келгелі тіптен арта түсті», - дейді мамандар. Бұл бір. Екіншіден, әйелдерді нашар тұрмыс та қажытқан сыңайлы.