Италия мен Франция мигранттар кесірінен келіспей қалды

Италияға келіп жатқан мигранттар легі тыйылар емес.

Елдің оңтүстігіндегі Бари портына тағы 260 босқын келді.  Жергілікті билік бортында бас-аяғы 500-дей мигранты бар екі кемеге елге кіруге рұқсат берді. Қазір оларға қайырылымдылық қорлар көмектесіп, ыстық тамақпен. қажетті заттармен қамтамасыз етуде. Билік өкілдері пана іздеушілер толық медициналық тескеруден өтіп, коронавирусқа қатысты птр тестерін тапсырады дейді. Айта кетейік, таяуда Италия бір топ мигрантты Сицилия портына жібермей қойған, олар содан Францияға барған. Мұндай кикілжің Париж бен Римнің көші-қон саясатына қатысты қатынастарына зақым келтіріпті.