Еуроодақ аумағына импортталатын ауаны ластаушы тауарларға салық салынады

Еуроодақ аумағына импортталатын болат, цемент, тыңайтқыш пен электр энергиясы секілді ауаны ластаушы тауарларға енді салық салынады.

Бұл - әлемде алғаш рет енгізіліп отырған бастама. Оның мақсаты - отандық өндірушілердің мүддесін арзан импорттан қорғау. Себебі аталған норма жергілікті кәсіпорындарға бұрыннан қолданылып келгенімен, сырттан келетін тауарға еш әсер етпейтін. Енді шетелдік компаниялар ауаға зиянды заттар шығарғаны үшін арнайы лицензия сатып алуы керек болады.

Айта кетейін, Еуроодақ елдері 2030 жылға қарай ауаға тарайтын ластаушы заттар көлемін 2 есеге азайтуға келіскен еді.