Өзбекстан Аралдың құрғаған атырабында ара өсіруді қолға алады

Қазір көршіміз экологтармен осындай тың жобаны жүзеге асыра бастады. 1 млн 700 мың гектар жерге егілген сексеуіл қоршаған ортаға оң ықпалын тигізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теңіздің табанынан ұшқан тұз азайды. Енді бос жатқан алқапты кәдеге жаратып, ауыл шаруашылығына пайдалану мүмкіндігі туып отыр. Қазақстанның жасылдар партиясының өкілдері Ташкентке барып, әріптестерімен кездесті. Жергілікті экологтардың айтуынша, Арал аймағында әлі 4 миллионнан аса алқапты жасылдандыру керек. Сырдария суын тиімді пайдалану да күн тәртібінде. Тараптар су жүйелерін жаңғырту ісін ғана емес, дүниежүзілік қаржы ұйымдары арқылы Орталық Азияның экологиялық мәселелерін шешу жолдарын талқылады.

Азаматхан Әміртай, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:

- Біздің мақсатымыз –  Қырғызстан, Өзбекстанның жасылдар партиясымен біріге отырып, экологиялық мәселелерді шешу. Халықты жұмылдыру осы мәселелерге. Өзбекстанның үлкен тәжірибесі бар. Экологиялық партиясы 4 жыл бұрын құрылған. Мәжілісте, мәслихатта өкілдері бар.