Перуде төтенше жағдай жарияланды

Перуде төтенше жағдай жарияланды

Бұл туралы жергілікті Қорғаныс  министрлігі мәлім етті.

Бас прокуратура бұрынғы президент Педро Кастильоны 18 айға қамауға алуды сұрайды. Саясаткер қазір де тұтқында отыр. Бірақ түрме алдына Кастильоның жақтастары жиналып, оны бостандыққа шығаруды талап еткен.  Сондай-ақ, оның адвокаты бұрынғы мемлекет басшысы халыққа оқ атқызбай, жағдайды бейбіт жолмен шешуді ұсынды дейді. Айта кетейік, Кастильо желтоқсанның 7-сі күні қызметінен кеткеннен бері елде жаңа президент Дина Балуартеге қарсы наразылық көп. Жұрт мерзімінен бұрын сайлау өткізуді қалайды. Ара-тұра полиция бөлімшелеріне шабуыл жасалып, бүлік көбейген.