Әлемде ковидтен көз жұмғандар саны артты

Әлемде ковидтен көз жұмғандар саны артты

Коронавирус қайтадан күш алып барады.

Әлем бойынша қауіпті инфекцияны жұқтырғандар да, оны жеңе алмай көз жұмғандар да көбейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, қазір өлім-жітім көрсеткіші бұрынғыдан 10 пайызға жоғары. Тек осы аптаның өзінде бүкіл әлем бойынша 10 мыңдай адам қайтыс болған. Көбі африкалықт. Ал ковид науқастарға келер болсақ, соңғы жеті күнде 3 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталған.

Тедрос Адханом Гебрейесус , ДДСҰ бас директоры:

- 10 мыңға жуық адам көз жұмды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Сондықтан әлем елдері азаматтардың өмірін сақтап қалу үшін көбірек күш салуы керек. Бүгінге дейін бәріміз көп нәрсені бастан өткердік. Алдағы жылы бұл дерт енді төтенше жағдай ретінде есептелмейді деп үміттенемін.