НАСА ұшырған спутник маңызды зерттеу жүргізеді

Спэйс Икс зымыраны спутникті орбитаға сәтті шығарды.

Ол Жердің гидросфера қабатын зерттеуді көздейді, деп хабарлайды NASA. Спутник Калифорниядағы американдық Ванденберг ғарыш күштерінің базасынан ұшты. Аппарат мұхит, көл, өзен және өзге де су ресурстары параметрлерінің уақытша өзгерістері бойынша деректерді жинайды. Мұхиттардың атмосфералық жылу мен көмірқышқыл газын қалай сіңіретінін зерттейді. Бұл температураны табиғи түрде реттеуге және климаттың өзгеруін шектеуге көмектеседі. Айта кетерлігі, салмағы екі тоннадан асатын спутник - NASA мен француз ғарыш агенттігінің бірлескен жобасы.