Ауғанстанда жарылыстан 19 адам қаза тапты

Ауғанстанда жанармай таситын жүк көлігі атылып кетті.

Ол туннельдің ішімен өтіп бара жатып жарылған. Маңайда халық көп болғанға ұқсайды. Сол жерде 19 адам опат болып, 32-сі жараланды. Арасында балалар бар. Оқиға ел астанасы Кабулға жақын жерде болған. Мамандар құрбандар саны әлі артуы мүмкін дейді. Өйткені үйінділер астында адамдар қалып қоюы мүмкін. Оқыс оқиғаның нақты себебі белгісіз.