Катардағы футбол додасында кім жеңеді?

Катарда өтіп жатқан футбол додасында кім жеңеді?

Кімнің бағы жануы мүмкін? Әркім сәуегейлік жасағанмен бұл жолғы бәсекенің бәсі биік болып тұр. Бұған суперкомпютерлер де болжам жасады. "Опта" машинасының келтірген статистикалық мәліметтері бойынша, жеңіс Францияға бұйырады. Француздардың мүмкіндігі 50,3 пайызға бағаланды. Ал "Грэйсноут" статистикалық сервисінің деректері керісінше 60:40 мүмкіндігімен Аргентина алға шығуға тиіс дейді. Бүгінгі финалда үздік бомбардир де анықталуы керек. Екі құраманың ойыншылары Лионель Месси мен Килиан Мбаппе чемпионатта 5 голдан соққан.