Иракта 9 полиция құрбан болды

Иракта 9 полиция құрбан болды

Ирактың оңтүстік-батысындағы шабуыл кезінде 9 полиция ажал құшты.

Тәртіп сақшылары мінген көліктердің жолында бомба жарылған. Тағы 2 полицей ауыр жарақат алған. Жарылыс мұнайға бай Киркук қаласынан 30 шақырымдағы ауылда болған. Құрбандар қасиетті деп саналатын Наджаф қаласында жерленді. Премьер-министр Мұхаммед Шиа ас-Судани шабуылды ұйымдастырған лаңкестерді тез арада қолға түсіруді тапсырды. Бұл жарылысты «ДАИШ» экстермистік ұйымы өз мойнына алды. Ирак билігі 2017 жылы бұл радикалды топты түбегейлі жойдық деп жар салған еді.

Хасан Хади, жергілікті тұрғын:

- Менің ағам осы жарылыс кезінде құрбан болды. Ол сегізінші бөлімде қызметте жүрген болатын. Жаңа ғана жер қойнына тапсырдық. Жарылысты «ДАИШ» содырлары ұйымдастырған.