Трампқа төрт іс бойынша айып тағылды

АҚШ депутаттары Дональд Трампқа 4 қылмыстық іс бойынша айып тақты.

Экс-президент 2021 жылы қаңтардың 6-да жақтастарын Капитолийге шабуыл жасауға итермеледі деп кінәлап отыр. Екі жылға жуық тергеу жүргізген депутаттар қылмыстық істі Әділет министрлігіне жолдамақ.

Нұрбек Бекен, тілші:

- АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трампқа Конгрестiң ресми iс жүргiзуiне кедергi келтiрді, Америка жұртын алдау үшін астыртын әрекет етті және көтеріліс ұйымдастырды деген айып тағылмақ.  Конгресстің тергеу жүргізген комитеті 2021 жылы қаңтардың 6-сы күнгі Капитолийға жасалған жаппай тәртіпсіздікке Трамптың тікелей қатысы бар деп отыр. Қазір оны үш қылмыстық іс бойынша жауапкершілікке тарту мәселесін талқылап жатыр. Сайлауден жеңілгенін мойындамай билікті бейбіт жолмен бермеді, Капитолийді басып алу үшін жақтастарын айдап салды және сайлау туралы жалған ақпарат таратты деген айыптар тағылған.

Джейми Раскин, Демократиялық партия өкілі:

- Комитет бұрынғы президент Трампты қызлымсытық жауапкершілікке тарту үшін дәлелдер мен айғақтар жеткілікті деп санайды. Комитет Трамп билікті Конституцияға сай бейбіт жолмен бергісі келмеген фактілерді жинастырды.

Лиз Чейни, Республика партиясының өкілі:

- Бірнеше сағат бойы ол ешқандай мәлімдеме жасамай отырып алды. Әріптестері қаншама рет оған өтініш білдірсе де Капитолийге шабуылдаушы жақтастарын тоқтатпады. Бұл заңсыз ғана емес, моральдық тұрғыдан ең төмен, борышын бұзған болып есептеледі. Дәлелдерді Трамптың жеке адвокаты мен Ақ үйдегі басқа да куәгерлердің жауабынан көруге болады.

Тиісті шара қолдану үшін ұсыныс Әділет министрлігіне жіберіледі. Бірақ, комитеттің ұсынысы міндетті түрде орындауға жатпайды. Қылмыстық жауапкершілікке тартылуы Әділет министрлігінің шешіміне байланысты болады. Дегенмен, 2024 жылы республикалық партия атынан Президенттік сайлауға дәмелі Дональд Трампты тырп еткізбеудің амалы сияқты. Өйткені, жаңа жылдан бастап Конгрестің Өкілдер палатасы аралық сайлауда жеңіске жеткен республика партиясының бақылауына өтеді. Олар бірінші кезекте бұл тергеу тобын таратып жіберуі мүмкін. Естеріңзге салайын, 2021 жылы қаңтарда Капитиолийдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде 5 адам қаза тапты. 140-тан астам полиция жарақат алды. Трамптың бірнеше жақтасы тәртіпсіздікті ұйымдастырғаны үшін он жылдан аса түрмеге жабылды.

Нұрбек Бекен