АҚШ-та әуе рейстері кешікті

АҚШ-та әуе рейстері кешікті

АҚШ-тың солтүстік-шығысында қарлы боран соқты.

Әуежайларда 2,5 мың рейс кейінге шегерілді. Жүздеген адам діттеген жеріне жете алмай әлек. Теміржол қатынасы де тежеліп тұр.   Ауа райының қолайсыздығынан әсіресе Риджент қаласы зардап шекті. Өңірде екпінді желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырымнан асады. Қардың қалыңдығы кей өңірлерде 1 метрге жеткен. Болжам бойынша, ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Кентукки мен Солтүстік Каролинада төтенше жағдай жарияланды. Мұндай суық  елде соңғы 40 жылда болмаған екен.  Ұлттық метеорология қызметі тұрғындарды алыс жолға шықпауға және сақ болуға шақырады.