Италияда прокуратура футболды тексереді

Италия прокуратурасы футбол клубтарын тексере бастады.

Таяуда ресми орган “Ювентус” клубын жазаға тартуды талап етті. Капиталды өсірмек болған аталмыш клуб жүру ақысын жасанды көтермелеп, артығымен қаражат алмақ болған. Мамандардың сөзінше,  мұны растайтын жаңа дәйектер бар. Клуб соңғы маусымдарда жалған есеп-қисап көрсетіп отырған.  Қаржылық алаяқтық сомасы 50 миллион еуроға жетуі мүмкін.  Енді қайта тексеруден 8-ге жуық клуб өтуі тиіс. Айта кетейік, жыл басында прокуратура 11 клуб пен ондаған менеджердің жұмысын сынға алған.