Қазақтың күйі мен әні Анадолыда асқақтады

Қазақтың күйі мен әні Анадолыда асқақтады. Жетісу фольклор және музыка тобы жергілікті халыққа тамаша көңіл күй сыйлап, ән-күймен сусындатты.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Көкту қазақ мәдениеті қоғамының ұйытқысымен өткен шара Тәуелсіздік күні мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орайластырылды. Концертте қазақтың даңқы композиторларының патриоттық әндері шырқалып, дәулескер күйшілердің күйлері күмбірледі.

Мехмет Дұрсун, көрермен:

- Концерттің болатынын интернеттегі хабарламадан білдім. Өзім түркі жұртының әуендерін сүйіп тыңдаймын. Мұндай шаралар екі ел арасында мәдени көпәр болумен қатар, халықтарды одан әрі жақындатады.

Мелике Оғұл, көрермен:

 

- Мен өзім тұрікпін. Бірақ та қазақ мәдениетіне қатты қызығамын. Сондықтан қатты ұнады. Жетісу тобына көп рақмет!