Қытайда ауруханалар вирус жұққан науқастарды қабылдап үлгірмей жатыр

Қытай ауруханалары коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдап үлгірмей жатыр.

Дертке шалдығудың шарықтау шегі артта қалғанымен медициналық көмекке мұқтаж азаматтар қатары әлі де көп.

Мамандардың айтуынша, кейінгі тәулікте Бейжің емханалары 65 мың адамды қабылдаған. Көбі дене қызуына шағымданып келіпті. Ал Чжэцзян провинциясында осыған байланысты еріктілер тартыла бастады. Өйткені аталған аймақта вирус жұқтыру деректері жарты миллионнан асқан. Алдағы 1-2 аптада бұл көрсеткіш 2 миллионға жетеді деген болжам бар.